Түркістан облысында желкенді қайық спорты қолға алынды
Шардарада желкенді қайық спорты іске қосылды. Қазіргі кезде екі маман 50 жасөспірімді желкенді қайық спортына жаттықтырып жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ
тілшісі.
Бұл спорт түрі 1976 жылы ашылып, КСРО тараған кезге дейін жұмыс істеген. 2018 жылдың көктемінен өз жұмысын бастаған бұл спорт түрі аудандық номері 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағынан ашылған.
Айта кетейік, шағалалы өңірде туризмді дамытуға да күш салынуда. Әсіресе жағажай туризмін дамытуға өте қолайлы аймақ. Қазіргі кезде 255 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады. Мұнда 60 нысанның құрылысы қаралған. Оған тартылатын инвестицияның көлемі 6,7 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстар аудан xалқының жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік экономикалық дамуына оң әсер етеді.
ERNUR.KZ.