Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында Шардара қаласы мен 11 ауыл табиғи газбен қамтылады

Түркістан облысында Шардара қаласы мен 11 ауыл табиғи газбен қамтылады


Шардара ауданында №18-ші газ тарату стансасы салынып жатыр. Әзірге Ұзын ата және Алатау батыр ауылдары табиғи газ көзіне қосылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.
Газ тарату құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 258,8 млн. теңге қаржы бөлініп, игеріліпті. Биылғы жылға өткен бұл жұмыстарға ағымдағы жылы 771, 6 млн. теңге бөлінген. Нысан құрылысын алдағы қараша айында бітіру жоспарланған.
№18 газ тарату құрылысы толығымен іске қосылса, Шардара қаласы және онымен іргелес жатқан 11 ауыл табиғи газбен қамтылады. 2018-2021 жылдар аралығында аудан тұрғындарының 99,5 пайызын (79,036 xалық) газбен қамту жопарланған.
ERNUR.KZ.
11 шілде 2018 ж. 2 599 0