Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » құрылыстың қарқыны қатты

құрылыстың қарқыны қатты

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÒÒ±ÑÑлÑÑБүгінгі күні көп тірліктің көлемдісі құрылысшылардың қолында деуге әбден болады. Құрыш қолды құрылысшылардың қолымен салынған әсем де, зәулім ғимараттарды көргенде көзің сүйсінеді. Дәулеті мен сәулеті қатар ұштастырылған қазіргі заманғы нысандар көптеп салынуда.
Соңғы кездері аудан көлемінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, әлеуметтік-өндірістік нысандар бой түзеуде. Әсіресе, тұрғын үй мен білім беру, денсаулық сақтау және спорт нысандарының ескілері жөнделіп, жаңасының салынып жатқаны көңіл қуантады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы кенттегі «Көкшоқы» мөлтек ауданында 18 пәтерлік 3 қабатты 4 тұрғын үй құрылысының жұмыс жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба бойынша бір көпқабатты тұрғын үйде 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 6 пәтер болады. Сөйтіп, 72 пәтердің құрылысына қажетті 818 390,9 мың теңгенің республикалық және облыстық бюджеттерден қаралуына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыстары­мен қатар, сумен, электрмен жабдықтау жұмыстары да қатар қолға алынуда. Шұғыла-2, 3, Шығыс-4 мөлтек аудандары мен Бидайкөл елді мекеніндегі жаңадан тұрғын үйлер салынатын 14, 15 және 30 кварталдардың сумен жабдықтау бөлімі бойынша 2018 жылы барлығы 327 134 мың теңге қаржы бөлініпті. Оның ішінде республикалық бюджеттен 297 395 мың теңге, облыстық бюджеттен 29 739 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, бас мердігерлері анықталған. Ал, мамыр айында құрылыс жұмыстары басталып, барлығы қыстақ ішілік 32,569 км, сервистік 33,243 км ауыз су құбырлары жүргізіледі. Мұнымен қоса, Шұғыла-2, 3, Шығыс-4 мөлтек аудандарында 282 дана көру құдықтары орнатылып, 572 үйдің ауласының шекарасына дейін ауыз су құбырлары пайдалануға берілетін көрінеді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған мөлтек аудандар мен Бидайкөл елді мекеніндегі жаңадан тұрғын үйлер салынатын 14, 15 және 30 кварталдардың электрмен жабдықтау бөлімі бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландыру үшін 1 033 961 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Жобалар жүзеге асқан жағдайда, Шұғыла-2 мөлтек ауданында қауттылығы 6300 кВА болатын 1 дана трансформатор (КТПН) орнатылып, Бидайкөл елді мекеніндегі подстанция қайта жаңғыртылады. Сөйтіп, 6,54 шақырым электр желілері жүргізілмек. Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарында қауттылығы 400 кВА болатын 7 дана трансформатор, қауттылығы 250 кВА болатын 3 дана трансформатор (КТПН) орнатылып, 41,53 шақырым электр желілері мен 12,2 шақырым сыртқы жарық желілері жүргізілсе, Бидайкөлде қауттылығы 250 кВА болатын 1 трансформатор (КТПН) орнатылып, 1,329 шақырым электр желілері жүргізіледі деп күтілуде.
Енді сіздерді газеттің өткен нөмірлерінде беріліп жүрген облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандар жайлы мәліметтермен қанықтырсақ.
Мәселен, жобалық құны 183 775 мың теңгені құрайтын, бас мердігері «Сәт-Сервис» ЖШС болып табылатын Еңбекші ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб, бас мердігері «Мейр-Жан» ЖШС болатын, жобалық құны 296 391 мың болатын 90 орындық балабақша, бас мердігері «МонтажСтройПроект-СМ» ЖШС, жобалық құны 196 861 мың теңгені көрсеткен, 120 орындық спорт кешенінің құрылысы еңбекшіліктер үшін үлкен жетістік, үлкен қуаныш деуге болады. Өйткені, бір ауылдың өзіне ғана осыншама қаржы бағытталып, бір емес, үш бірдей әлеуметтік нысанның бой көтеруі ауыл тіршілігінің түлеп, тұрғындардың еңсе тіктеуіне себеп болмақ. Бұл да болса, ауданның экономикалық әлеуметтік ахуалының қарышты адымы деуге толық мүмкіндік береді.
Тартоғай ауылындағы дәл осындай екі құрылыс өзіндік сән-салтанатымен көпті тамсандыратынына күмән жоқ. Оның бірі жобалық құны 335100 мың теңгені құраған, бас мердігері «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС болып табылатын 90 орындық балабақша құрылысы болса, екіншісі жобалық құны 218 382 мың теңге болатын 150 орындық ауылдық клубының құрылысы.
Аудан бойынша ең көп қаржы қаралатын саланың бірегейі білім саласы екендігін мақаламызда жазып келеміз. Соның айғағы ретінде №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының жаңа корпусын айтуға болар еді. Жобалық құны 224 569 мың теңгені құраған 200 орындық нысанның бас мердігері «Ел Қонды» ЖШС. Осы сынды іргелі құрылыс нысандарын тілге тиек еткенде, 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысын айтпай кетпеске болмас. Жобалық құны 7 040 564 мың теңге болатын аталмыш құрылыстың жұмысы бүгінгі күні қарқын алуда. Құрылыстағы қарқынның еселене түсуі, ол көпшіліктің қуанышы, ауданның көркі.
Әрине, сәулеті жарасқан мұндай нысандардың кім-кімнің болса да таңдайын қаққызып, қызығушылығын тудыратыны анық. Дәл осындай қызығушылық пен таңданыс ауданға өзгелерді алып келуде. Оның дәлелі – өткен айларда Жалағаш, Жаңақорған аудандарынан тәжірибе алмасу мақсатында келген делегаттар. Міне, қай саласы болсын дамып, алға басып келе жатқан бұл – Шиелінің бүгінгі келбеті.

Дина ЖҮСІПОВА.
20 мамыр 2018 ж. 1 218 0