Тұрғын үйге қолжетімділік артады
Елбасы Қазақстан Республикасы Парламентінің біріккен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халыққа үндеу жариялады. Бұл талайдан бері халықтың да, Елбасының да көкейінде жүрген мәселелер еді.
Елімізде тұрғын үй құрылысы жақсы дамып келеді. Оның жарқын көрінісін біз өз облысымыздың қарқынды құрылыс алаңдарынан байқай аламыз. Қазақстандықтардың пәтерге қолжетімділігін арттыратын бағдарламалар қажет. Биыл біздің ауданнан 90 пәтерлік 5 тұрғын үй салу жобасы бар. Бұл нағыз қолжетімді үйлер болмақ, Ақмаяға барар жол бойында үйлер салу үшін жер бөлініп, инфрақұрылымдары алдын-ала дайындалуда. Су, жарық, жолдары әзірленген қамыс зауыт жақтағы үйлердің құрылыстары басталуы керек. Әйтпесе, жабдықтар қолды болып, жер телімі қайтарылып алынады. Көпқабатты пәтердің үлкен жол бойынан соғылғаны кент келбетін айшықтай түсері анық. Өткен жылдары Самара-Шымкент тас жолы бойынан тұрғызылған ипотекалық үйлер түзіліп, бір ауыл болып қалды. Ипотекалық үйлердің бастапқы жарнасы 20 пайыздан аспайтын болады. Бұл да болса аз жеңілдік емес. Үйлер аз салынып жатқан жоқ, Елбасының тікелей араласуымен енді ғана олар барлығымызға бұрынғыдан да қолжетімді болады.
Алтай АЙЫП.