Кәсіпкерлер қала әкімдігінің ұсынысын құп алды
Биыл, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында қала көлемінде ауқымды жоспарлар мен тың жобалар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қаламыздың жанашыр және белсенді азаматтары да өз үлестерін қосып келеді. Соның бір дәлелі, қаламыздағы құрылыс компаниялары көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше атсалысуда.
Қала әкімдігі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіру үшін жергілікті құрылыс компанияларына ұсыныс білдірген болатын.
Туған жерге деген шынайы жанашырлығын сөзбен емес, ісімен дәлелдеп жүрген құрыш қолды құрылысшылар қала әкімдігі тарапынан түскен ұсынысты қабылдап, қазірдің өзінде Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов, Абай, Жібек жолы, Әуелбеков, Сүлейменов көшелеріндегі 30-дан астам көпқабатты үйлердің сыртқы келбетін жаңартып, әрлеу жұмыстарымен айналысуда.
Алайда, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, 50 бабының 1 тармағына сәйкес «Тұрғын үйді қалыпты жағдайда күтіп-ұстауға кететін шығынын (пайдалану шығыны) өзінің ортақ меншіктегі үлесінің көлеміне қарай өтейді және пәтер иелері ортақ мүлікті өздерінің үлестеріне тең мөлшерде күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша жалпы шығыстарға қатысуға міндетті» делінген.
Осы ретте, қаламыздың барша тұрғындарын Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында әсем қаламыздың жаңаша түрленіп, бұрынғыдан да зор көркейуіне шынайы жанашырлықпен атсалысуға, өз тұрғын үйлеріңіз бен аулаларыңызды абаттандыруға, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
Сонымен қатар, «Еліне қарап азаматын таны» демекші, қаламыздың барша кәсіпкерлерін Өзіңіз иелік етіп отырған кәсіпкерлік нысандардың сыртқы сәулеттік келбетін жақсарту, мерекелік безендіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлуіңізді және сол арқылы әсем шаһарымыздың 200 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде аталып өтуіне қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!
Естеріңізге сала кетейік, Сыр өңірінің бас шаһарының 200 жылдық мерейтойына басты тарту - Қызылорда қаласының сол жақ жағалауындағы жаңа тұрғын аудан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ең бастысы, Сырдария өзенінің сол жағалауынан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салуда.
Қызылорда қаласының әкімдігі