Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘСКЕУДЕГІ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАРСЫЛАСТАРЫН НОКАУТҚА ЖІБЕРДІ

МӘСКЕУДЕГІ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАРСЫЛАСТАРЫН НОКАУТҚА ЖІБЕРДІ

Мәскеу қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, рингке шыққан қазақстандық үш спортшының барлығы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейк әсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерін Еділ Қожамбердиев, Ибрагим Ескендір және Уәлихан Бисенқұлов өткізді.
Ибрагим Ескендір ресейлік Дмитрий Антиповты екінші раундта нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Суперорта салмақтағы айқас төрт раундқа есептелген болатын. Осылайша, кәсіпқой боксқа ауысқан қазақстандық әнші өз мансабында үш айқас өткізіп, оның үшеуін де нокаутпен аяқтады.
Сондай-ақ Камерун өкілі Кристиан Салманкқа қарсы айқасқан Еділ Қожамбердиев жеңісті қолдан бермеді. Жекпе-жек басталысымен-ақ Еділ басымдығын көрсете бастап, кездесуді бірінші раундта аяқтап тастады. Камерундықты техникалық нокаутпен жеңілді.
Ал «Адай» лақап атына ие Уәлихан Бисенқұлов Родригесті екінші раундта сұлатып салды. Оның қарсыласы - Францияның 27 жастағы боксшысы Меконго Родригес. Алты раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта аяқталды. «Адай» нокаутпен жеңіске жетті.
Үш боксшының барлығы Жалғас Түкешов басқаратын Tukeshov Boxing Promotions компаниясының атынан шығуда.


18 маусым 2018 ж. 1 648 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 58

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930