Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамшыбек Қоңқабаев «Спортшылар кеңесінің» Спорт директоры болып тағайындалды.

Қамшыбек Қоңқабаев «Спортшылар кеңесінің» Спорт директоры болып тағайындалды.

Қызылордалық былғары қолғап шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері әрі ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қамшыбек Бисенбайұлы «Спортшылар кеңесінің» басшылығына келді. Ел спортына қосқан үлесі үшін ол «Құрмет» орденімен және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған.

«Спортшылар кеңесі» спортшылар мен спорт ардагерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, туындаған мәселелер мен ұсыныстарды құзырлы органдарға жеткізу, спорт саласын өркендетуге бағытталған жобаларды қолдау және спорт қауымдастығы мен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналу бағытында жұмыс істейді.
18 қыркүйек 2026 ж. 44 0