Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАНДОСТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАНДОСТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары ұлттық спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.
Байрақты бәсекеде шиелілік балуан ­Жандос Әбубәкіров алыш күресінен еркін стиль ­бойынша 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанжығалап, елдің мәртебесін әлемдік аренада асқақтатты. Осылайша, спортшымыз жарыс барысында шеберлігі мен қайсарлығын танытып, ел намысын абыроймен қорғады.
Жандос Әбубәкіров 2001 жылы 10 қаңтарда Шиелі ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен қазақ күресімен айналысып, ұлттық спорттың қасиетін бойына сіңіріп өскен. Бүгінде еткен еңбек, төккен тердің арқасында жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Жас спортшының жеңісі оның табандылығы, күш-қайраты мен ерік-жігерінің жемісі екені анық. Жандос Әбубәкіров белбеу күресінен Қызылорда облысынан шыққан тұнғыш әлем чемпионы екенін айта кетейік. Осы уақытқа дейін ересектер және жастар арасында Қазақстан біріншілігінің чемпионы, белбеу күресінен жас­тар арасындағы әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
Жандостың осынау жарқын жетістігінің артында тынымсыз еңбек, маңдай тер, ата-ананың дұғасы, жаттықтырушының ерен еңбегі жатқаны белгілі. Біз Жосдостың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, белбеу күресі мен ұлттық спорттың абыройын арттыра беретініне сенеміз.

М.ИБРАГИМ
07 қыркүйек 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930