Айбатыр «Жас барыс» атанды
Өздеріңізге мәлім, Шиелі ауданында спорт саласының жыл өткен сайын даму қарқыны күшейіп, спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінуде. Бұл сөзімізге жастар және жасөспірімдер, ересектер арасында өткен Республика, Азия, Әлем біріншіліктерінде спортшыларымыздың жеткен жетістігі дәлел. Нәтижелі қолдаудың арқасында, аудан спортшылары қай спорт түрінен болмасын үздік үштіктен түспей, көңіл қуантуда.
Жуырда елордамыз Астана қаласынан тағы да ақжолтай хабар жетіп, ел мерейі өсті. 17 облыстан келген кіл мықтылар бас қосқан байрақты бәсекеде шиелілік спортшылар да төбе көрсетті. Арқа төрінде Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан «Жас барыс» республикалық турнирінде Айбатыр Әбдірахманов 46 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бас жүлдені қанжығалап, алтыннан алқа тақты. Әр салмақ дәрежесінде Қызылорда облысының намысын қорғап барған, әлі де күрес алаңына шығатын балуандарымыз бар.

Айбатыр Әбдірахманов 2009 жылы Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде дүниеге келген. Шиелі №10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 9 жасынан бастап қазақ күресімен шұғылданып келеді. «Жас барыс» атанған бала балуанның жеңісімен қатар, бапкері Мағжан Халықбекұлының да үлесін назардан тыс қалдырмаған жөн. Осынау ұлттық спортқа баулып, білекті балуандардың биік белесті бағындыруға дайындаған бапкердің дәл осындай жеңісті де жемісті күндері көп болсын демекпіз!
«Өскен өңір» ақпарат