Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ: ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ: ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Арқа төрінде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер дүбірлі додасында қазақ күресінен ел мерейін асқақтатып жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. 55 келі салмақ дәрежесінде жауыры жер иіскемей жеңіске жеткен Бекжан Төлепов алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Бекжан балуанбұған дейінгі Әлем чемпионаттарында топ жарып, жеңіс тұғырынан түспей келе жатыр. Бір сөзбен айтқанда, ол Әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақтық жекпе-жектен кейін чемпион өз пікірін білдірді:
– Достарым, отбасым келіп қолдау көрсетті. Шыны керек, маған осы қолдау қатты әсер етті. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Қырғызстан және Гүржістанда, әртүрлі аймақтарда оқужаттығу жиынын өткіздік. Бұл біз үшін таптырмас тәжірибе болды. Осы жағдайдың бәрін бізге жасап бергені үшін алғысым шексіз. Еншімде Әлем чемпионы атағы бар. Бірақ биыл қарашада өтетін Әлем чемпионатын тағы жеңуге ниеттімін, – деді жеңімпаз.
Бүкіл ел көз тіккен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысуда. Аталған спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсысы 8 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.

М.ИБРАГИМОВ
10 қыркүйек 2024 ж. 64 0