Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атандыКанаданың Квебек қаласында өткен халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 додасында Astana Team командасы AA Elites дивизионының алтын тұғырынан көрініп, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды Egemen.kz.


2013 жылы туған жас жеткіншектерден құралған отандастарымыз топтық кезеңдегі барлық кездесуде жеңіске жетіп, плей-офф сатысына нық қадам басты. Ширек финалда айдын иелері – Quebec Nordiques ұжымын 3:1 есебімен қапы қалдырса, жартылай финалда Quebec Remparts клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал шешуші финалдық айқаста Noir d'Or des Montagnes командасымен кездесіп, тартысты өткен матчта буллит сериясы бойынша 4:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Айта кетерлігі, Astana Team сапында елордалық «Астана», «Юность» клубтарымен қатар, Өскеменнің «Торпедо», Алматының «Тайгерс» және «Михайлов академиясының» тәрбиеленушілері де өнер көрсетті. Бұл – біздің құраманың аталған топтағы екінші жүлдесі: өткен жылы отандастарымыз дәл осы санатта күміс медаль еншілеген болатын.


Еске сала кетейік, 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир балалар хоккейі әлеміндегі ең беделді бәсеке саналады. AA Elites дивизионындағы бұл жеңіс қазақстандық командаға келер жылы ең жоғарғы – ААА дивизионына көтерілуге мүмкіндік береді. Соңғы шешімді турнирдің ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Қазақстандық жасөспірімдер бұл деңгейге 2024 жылы Францияда өткен іріктеу турниріндегі жеңістерінің арқасында көтерілген еді.



23 ақпан 2026 ж. 45 0