Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

Қазақстандық киберспортшының командасы әлемдік турнирде топ жарды

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐºÐ¸Ð±ÐµÑÑпоÑÑÑÑнÑÒ£ командаÑÑ ÓлемдÑк ÑÑÑниÑде Ñоп жаÑдÑ
Қазақстандық киберспортшы Дәурен "Adren" Қыстаубаев CS:GO ойыны бойынша АҚШ-та өткен BLAST Pro Series Miami 2019 халықаралық жарысында қарсылас шақ келтірмеді. Дәурен өнер көрсететін солтүстікамерикалық FaZe Clan командасы финалда Team Liquid ұжымынан 2:0 есебімен басым түсті. Mirage картасында 16:6, Dust2 картасында 16:12 есебімен жеңді.  Алғашқы кезеңде алты команда round-robin форматындағы топқа түсті. Бұл алтылықтың ішінде үздік шыққан екі команда гранд-финалға жолдама алды.  Жеңімпаздар: 1 орын. FaZe Clan - $125 000; 2 орын. Team Liquid - $50 000; 3 орын. Mibr - $25 000. Бұған дейін қазақстандық ойыншының командасы Атлантада өткен ELEAGUE CS:GO Invitational 2019 жарысында топ жарған еді. Алғашқы турда "FaZe Clan" "Cloud9" командасына есе жіберген. Дегенмен "FaZe Clan" төменгі себетте "compLexity Gaming" және "BIG" командаларын жеңіп ақтық сынға жолдама алды. Финалдық кездесуде қазақстандық ойыншының командасы америкалық "Cloud9" ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, 80 мың АҚШ долларын иеленді. Дәурен "AdreN" Қыстаубаев "FaZe Clan" командасына осы жылдың басында қосылған. Қазақстандық киберспортшы биылғы жыл аяқталғанша солтүстік америкалық ұжымның сапында өнер көрсетеді. "AdreN" жанкүйер қауымға "Gambit Esports" командасының сапында жүргенде танылды. "Gambit Esports" ұжымымен Польшаның Краков қаласында өткен "PGL Major Krakow 2017" әлем біріншілігінде күтпеген жерден CS:GO ойынынан чемпион атанды. Сонымен қатар, "Virtus.pro", "Astana Dragons", "HellRaisers", "dAT Team" және "HS.GG" сияқты командалардың сапында өнер көрсеткен.

Massaget.kz
15 сәуір 2019 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (8681)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (8680)

19 сәуір 2019 ж.

№28 (8679)

15 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам