Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жеттіҚазақстан теннисшісі Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF санатындағы жұптық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалда 21 жастағы Сағандықова мен 18 жастағы Головина Жапония өкілдері Ману Кавамура мен Хонока Кобаяшиді 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл Аружан Сағандықованың ITF турнирлеріндегі бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі болды. Ал Мария Головина үшін бұл сегізінші ITF атағы және жұптық сындағы алтыншы жүлде саналады. Ахмедабадтағы турнир барысында дуэт төрт матч өткізіп, бірде-бір сетте жеңілген жоқ.
Айта кетейік, аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын немесе шамамен 7,6 млн теңгені құрайды.

04 қаңтар 2026 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930