Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

23 маусым - Қазақстан Полициясы күні кәсіби мерекесі қарсаңында полицейлер қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында жергілікті құзырлы органдар арасында шағын футболдан турнир өткізді.
Мерекелік шараны аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, аудандық Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұханов Болатхан Ниязханұлы және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмаил Өркен Әзімханұлы ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Шағын футболдан өткізілген турнирге Шиелі ауданы полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шиелі аудандық бөлімшесі, аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімі, аудандық аурухана бөлімі, полиция бөлімінің ардагерлері және Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің ардагерлері қатысты.
Тартысты өткен теңбіл доп додасында:
I орын - Шиелі ауданы полиция бөлімінің командасы /50 мың теңге/
II орын - Aудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімі / 30 мың теңге/
III орын - Шиелі ауданы әкімдігінің командасы /20 мың теңге/ қаржылай марапатқа қол жеткізіп, диплом мен медальдар табыстады.
Шиелі ауданы әкімдігі командасының құрамында партия филиалының консультанты Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Сонымен бірге жақсы ойын өрнегін көрсеткен Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің ардагері Сопбеков Бауыржан Рүстембекұлы "Үздік ойыншы ардагер" номинациясымен, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Усембаев Батырхан Урусбаевич "Үздік қорғаушы" номинациясымен, аудан әкімдігінің қызметкері Ермағанбетов Берік Садықұлы "Үздік ойыншы" номинациясымен, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Амангелдиев Жігер "Үздік шабуылшы" номинациясымен, аудандық Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімі нің қызметкері Торғынғали Рамазан "Үздік қорғаушы" номинациясымен марапатталды.
Осы орайда жарысқа қатысушы командалар мен жергілікті құзырлы органдар басшылары аудандық полиция бөлімінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.
19 маусым 2025 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

№43 (9310)

14 маусым 2025 ж.

№42 (9309)

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30