Сақшы қыздар алғысқа бөленді
Сәрсенбі күні Шиелі аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Д.Беркінбаевтың қатысуымен қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық қорғау саласында адал қызмет атқарып жүрген азаматтардың аналарын және нәзік жанды полиция қызметкерлерін марапаттау іс-шарасы өтті.
8-наурыз қарсаңындағы мерекелік жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Махан, полиция бөлімінің қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
8-наурыз қарсаңындағы мерекелік жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Махан, полиция бөлімінің қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шара барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Д.Беркінбаев сөз алып, қоғамдық тәртіптің тыныштығын сақтап, құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің аналарын шұғылалы көктемнің меркесімен құттықтап, алғыс хаттар мен медальдар табыстады.
– Күндіз-түні көз ілмей, қырағылық танытып, темірдей тәртіпке бағынатын, халықтың сенімді серігі болған офицерлердің еңбегі ерен. Шыдамды, шымыр, батыл, байсалды, жанашыр полиция қызметкерлері әрқашан уақытпен санаспай, ел тыныштығын қорғап, қылмыстың алдын алып, үлгі-өнеге көрсетіп келеді, – деді аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Беркімбаев.
Адам өмірінің мәні, көз қуанышы – бала. Баланың бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады. Әрбір ата-ана көз қуанышы – соңынан ерген ұрпағының абыройының асқақ, мерейінің үстем болуын қалайтыны белгілі.
Айта кетейік, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Д.Беркінбаев аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Маханды «Офицердің анасы» төсбелгісімен марапаттап, кеудесіне тақты. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.
Дархан Ғалымжанұлы