ҚОС МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінде Шиелі ауданы әкімдігі жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Ведомствоаралық комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов ашып, жүргізді. Жиында 2 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Аудан көлеміндегі жалпы қылмыстылық жағдайы және оның алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстардың тиімділігі» тақырыбында Шиелі аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаев баяндама жасады.

Аудандық полиция бөлімі бастығының баяндамасынан кейін аудан әкімінің орынбасары тарапынан Майлытоғай, Тартоғай, Қоғалы, Бәйгеқұм, Жөлек, Ортақшыл, Ақтоған, Жиделіарық, Қарғалы ауылдық округі әкімдеріне мал падасын ұйымдастыру мәселесі қалай шешіліп жатқаны жөнінде сауал қойылды. Сондай-ақ Болат Ысмағұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаевқа жол көлік оқиғасы көп орын алатын көшелерде орналасқан жол белгілері мен көшедегі бейне камералар жөнінде бірқатар сұрақтар қойды.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни аудан аумағындағы бейнекамералардың жұмысы жөнінде аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жомарт Мұхтарұлы баяндама жасады.
Жиын соңында баяндамашыға бейнекамералардың жұмыс істеп тұрғандарының саны мен өзге жерлерге бейнекамералар орнату қажеттілігі туралы берілген ұсыныстар төңірегінде сауалдар қойылды.
«Өскен өңір» ақпарат