Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ

СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.
Осы орайда "ТӘЛІМ" жас мамандар бірлестігі апталығының жұмыс жоспарына сәйкес жас маман дене шынықтыру пәні мұғалімі Әділет Кеңесбековтің ұйымдастыруымен эстафеталық ойындар сайысы өз мәресіне жетті.
Спорттық жарыс 4 кезеңнен тұрды. Допты аяқ арасына қыстыра жүріп өту, Қаппен секіру, Қасықпен шарикті түсірмей айналып келу, Допты дәлдеп лақтыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу және әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру мақсатында өткізілген эстафеталық сайыста білім алушылар белсенділік танытты.
Аталған спорттық сайыс нәтижесі бойынша, "АЛҒА" тобы І орынды, "БАРЫС" тобы ІІ орынды, "СҰҢҚАР" тобы ІІІ орындарды иемденді.

19 ақпан 2024 ж. 173 0