Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік доданы өткізуге әзірміз

Әлемдік доданы өткізуге әзірміз

2028 жылы элиталық дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін. Жуырда отандастарымыз Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (IIHF) осындай өтініш білдірді.





Жалпы, жерлестеріміз жер жаһанның мықтылары жиналған жарысқа 11 мәрте қатысты. Ең үздік нәтижеге 2021 жылы қол жеткіздік. Латвияда өткен дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 10-орынға табан тіреді. Былтыр Финляндия мен Латвияда жалауы желбіреген жарыста 11-сатыға тұрақтадық. Биылғы әлем чемпионаты 10-16 мамыр аралығында Чехияда ұйымдастырылады. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Біздің хоккейшілер топтық турнирде АҚШ, Германия, Польша, Швеция, Словакия, Лат­вия және Францияға қарсы ойнайды. Ал келесі чемпионаттар Швеция мен Да­нияда (2025 жылы), Швейцарияда (2026 жылы) және Германияда (2027 жылы) ұйымдастырылады.
Қазақстанның Астана мен Алматы қала­ларынан бөлек, 2028 жылы шымылдығы түрілетін әлем чемпионатын қабылдауға Германия мен Норвегия да ресми түрде өтініш білдірді. Кейбір дереккөздеріне сенсек, бұлардан бөлек Франция, Ұлыбритания, Аустрия және Ресейдің де сондай ниеттері бар көрінеді.
14 ақпан 2024 ж. 156 0