Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰРПАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНМЕН ШЫҢДАЛАДЫ

ҰРПАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНМЕН ШЫҢДАЛАДЫ

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Қазақ халқы әуелден ұрпақ тәрбиесі мен баланың жақсы азамат болып қалыптасуына үлкен жауапкершілікпен қараған. «Тәрбие – тал бесіктен» деген ұлағатты сөзді жадында ұстап, баланың болашақта саналы, білімді һәм жігерлі болуы үшін ақыл-өсиетін айтып отырған. Атаның өсиеті мен ананың қасиетінен нәр алған ұрпақ, елдің ертеңі, халықтың жанашыры болары айқын. Ал елдің ертеңі болатын ұрпақтың тәрбиесі бүгіннен басталмақ.
Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаев «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады» деген болатын.
Осы орайда өткен жұма күні Ә.Тәжібаев ауылында «Ақбесік» бөбекжай балабақшасында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық сайыс өтті. Шара өскелең ұрпаққа ұлттық ойындарды үйретіп, бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.
Дәстүрлі түрде өтетін шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Жанар Әлиакбарова ашып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтары жоғары ойындардың маңызды екенін айтты. Сайысты ұйымдастырушы Бағила Қалеке, Гүлсан Ділдәбайқызы және көмекші тәрбиешілер Марал Әбдіқалықова, Мейрамкүл Сәтбаевалар ойынның шарттарын түсіндіріп, жарысты бастады.
Екі топ арасында өткен ойын төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең «Ат жарыс» болса, одан кейін «Асық ату» ойыны, «Кім жылдам?» және «Жас балуан» кезеңінде балалар қазақша күрес ұлттық спорттық сайысы бойынша бақ сынады. Қызыққа толы тартысты ойынды тамашалаған ата­аналар тәрбиеші апайларға өз алғыстарын білдірді.
«Салауатты өмір салты өздігінен жасалмайды, оған жүйелі түрде тәрбиелеу керек. Ұлттық ойын баланың ақыл­ойын дамытуға, батыл әрі епті болып өсуіне тәрбиелейді», – дейді ұйымдастырушы Бағила Қалеке.
Иә, ұлттық ойын арқылы балалар қазақ халқының дәстүрі мен тәрбиесіне қанық болып өседі. Бойында елге деген жанашырлық сезім пайда болады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай, қазіргі күннен бастап құндылығы жоғары ойынға баулу үлкен жеңіспен пара­пар.

Мейіржан ҚАЙРАТҰЛЫ
13 ақпан 2024 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031