Спортшыларға әркез қолдау көрсетіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында «Мемлекеттің алға қойған мақсат-мүддесін, стратегиялық жоспарларын іске асыратын сол елдің азаматтары десек, ол міндетті орындау үшін бірінші кезекте ұлттың саулығы қажет. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен бұқаралық спорт пен спорттық инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын.
Осы ретте, аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күніне орай аудан спортшыларымен кездестіп, мерекелерімен құттықтады.
Осы ретте, аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күніне орай аудан спортшыларымен кездестіп, мерекелерімен құттықтады.
– Спорт саласын әрдайым қолдауға дайынбыз. Сіздер осы кезге дейін ұсынған жобалар бойынша тиісті шаралар қабылданып, атқарылатын болады. Қазіргі таңда спорт саласын дамыту мақсатында ауқымды шаралар атқарылуда. Жақын күндері кент орталығында жаңадан салынып жатқан спорт-сауықтыру кешені ел игілігіне пайдалануға берілетін болады, – деді.
Кездесу барысында аудан спортшылары «спорт түрлерін дамыту үшін республикалық, облыстық турнирлердің алдында жаттығу жиындары өткізілсе» деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Көптің көкейіндегі мәселелерді түртіп алған аудан басшысы тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктейітінін де тілге тиек етті. Одан әрі аудан спортшыларының жай-күйі мен жетістіктері жайында әңгіме өрбіді.
– Бүгінде Сыр спорты серпінді дамып келеді. Мәселен, біздің спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 732 медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 32 медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан барлығы 552 спортшы енгізілген. Осы жетістіктерімізді одан әрі жетілдіру аса маңызды. Сондықтан да жыл басынан бері 4 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 48 ҚР спорт шебері, 598 ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшы дайындалды. Ендігі кезекте, тамыз айының үшінші жексенбісі – спорт күніне орай өңірімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Нағи Ілиясов спорт кешенінде Қызылорда облысының 85 жылдығы мен ҚР спорт күніне орай спорт мектептері басшыларының арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті, – деді басқарма басшысының орынбасары Жігер Ондасынұлы.
Айта кетейік, биылғы жылы бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мақсатында жыл басынан бері 38 аудандық, 9 облыстық, 2 республикалық спорттық іс-шаралар өткізілген. Сонымен қатар сайыпқыран спортшыларымыз республикалық жарыстарда және ҚР чемпионатында 18 алтын, 11 күміс, 33 қола, әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс, Азия біріншілігінен 1 алтын иеленіп, аудан даңқын әлемге асқақтатты.
Дархан Байтілес