Тақта үстіндегі тартыс
Жуырда Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде көзі тірісінде-ақ, ауданның құрметтісіне айналып, өзінің ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылған тұлғаның бірі де бірегейі Әбіласан Халықовты еске алуға арналған «Еңбегі ерек, болмысы бөлек жан еді» атты шахматтан ардагерлер арасындағы аудандық ашық біріншілік өтті.
Көзі тірісінде комсомол комитетінің хатшысы бола жүріп, сан түрлі қызмет сатысынан өткен ол Ә.Халықов 1941 жылы дүниеге келген. Оның өмір жолы мен атқарған абыройлы істеріне, тәлімгерлігі мен азаматтық пайым-парасатына тоқталсақ, балалық шағы соғыс оты тұтанып жатқан қиын-қыстау мезетпен тұспа-тұс келіпті. Содан болар, ес білгеннен бейнетке жақын Ә.Халықов қай істі қолға алса да соңында нәтиже шығаруға тырысатын. Ол ең алғаш еңбек жолын Жаңақорған қыстағындағы №3 мектеп интернатта биология-химия пәні бойынша мұғалім болып бастайды. Кейін Шиелі ауданы №149 «Қызылту» мектебінің оқу ісінің меңгерушісі қызметіне көтеріледі. Өз ойын ашық айтып, жауапкершілікті алдыңғы орынға қоятын Ә.Халықов 1966 жылы қазіргі Ы.Жақаев колхозында комсомол комитетінің хатшысы болып, 1967 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Футболдан, шахматтан, қол добынан түрлі үйірмелер ашып, ауданаралық жарыстарда топ жарып жүрген ауданның арда азаматын артында қалған ұрпағы ұлықтап, шахматтан турнир ұйымдастырды.
Аталмыш жарыстың басты мақсаты – ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бір-бірімен дидарластыру, бос уақыттарында аз да болса спортпен шұғылдануларына жағдай жасау болып табылады. Ал, шахмат ойынына тоқталар болсақ, ойынның өзіндік стратегия мен тактикасы, теориясы мен практикасы қалыптасқан. Бүгінде бүкіл әлемде оның танымалдығы күн санап артуда. Аталған ойын ми жұмысын дамытумен қатар жақсы қарым-қатынас орнатуға жәрдемдеседі. Бір қызығы, ойын адамға ережелерді есте сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар әділдікті ұмытпауға үйретеді.
Аталмыш сайысты өткізуге Шиелі ауданы әкімдігі мен аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі ұйытқы болса, Әбіласан Халықовтың ұлы демеушілік жасады. Шахматтан сайысқа бағын сынауға келгендердің көпшілігі 63 пен 80 жас аралығындағы қазыналы қарттар болды.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, П.Архабаев, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, Спорт бөлімінің басшысы Н.Сапарбай, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жарысты аудан әкімінің орынбасары А. Әбілқасымұлы ашып беріп, шахматтан турнирге қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша I орын қызылордалық Аманжол Әлімбаевқа бұйырса, II орынды шиелілік Құдайберген Жұмабек иеленді. Ал, III орынды тереңөзектік ардагер Мектепхан Елеусінов алды. Қалған жарысқа қатысушы Шәйзада Әбдімомынов, Құлман Карынбай, Қуандық Өтешов, Аманжол Ермағанбет, Кенжебек Ержановтарға ынталандыру сыйлықтары мен арнайы алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, ауданда бұған дейін де бірнеше мәрте ардагерлер арасында бильярдтан ашық біріншіліктер өткізілген болатын.
Шапағат Тілеубаев