Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы АҚШ-тың 14 дүркін чемпионын нокаутқа жіберді

Қазақстандық спортшы АҚШ-тың 14 дүркін чемпионын нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамбургтегі (Германия) Universum gym аренасында бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы (90,7 кг-нан астам) Жан Кособуцкий АҚШ-тың 14 дүркін чемпионы Джоуи Давейкомен қолғап түйістірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауыр салмақтағы он екі раундтық жекпе-жекте Кособуцкийге тиесілі WBA International нұсқасы бойынша чемпионның белбеуі болды. Қазақстандық спортшы екінші раундта мерзімінен бұрын нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшының рингтегі қатарынан 16-шы жеңіс. Джоуи Давейко тоғызыншы жеңіліске ұшырады.
Ауыр салмақтағы WBA International титулын Кособуцкий осы жылдың 20 ақпанында Гамбургте өткен алдыңғы жекпе-жегінде жеңіп алған еді. Бұл жекпе-жекте Жан төртінші раундта нигериялық Онориоде Эвариемді нокаутқа жіберген болатын (18-2, 17 КО). ​https://baq.kz​​​
22 тамыз 2021 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31