Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті

Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті

BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу ке
зеңінде Кипр командасымен ойнап, тең түсті.

I топтың бесінші турының ойыны Никосияда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Екінші минутта шабуылшы Алексей Щеткин Қазақстанды алға шығарды. Бірінші таймның ортасында Кипр есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болды, бірақ Қазақстан қақпашысы Дмитрий Непогодов саусағының ұшымен допты басқа жаққа бұрып жіберді.
Алаң иелері 39-шы минутта есепті теңестірді.

Екінші тайм голсыз өтті. Онда киприоттар белсенді болды, ал Қазақстаннан алаңға алмасып шыққан Максим Федин жақсы ойнады. Алайда, есеп - 1:1 болып қалды.

I топтың бесінші турының тағы екі матчы 7 қыркүйекке қараған түні өтеді: Бельгия Сан-Мариноны, ал Шотландия Ресейді қабылдайды.

Төрт турдан кейін І топта 12 ұпаймен Бельгия көш бастап тұр. Одан әрі тоғыз балмен - Ресей. Үшінші орында жеті ұпаймен Қазақстан тұр.

Алтыншы тур ойындары 9 қыркүйектен 10-қыркүйекке қараған түні болады: Ресей өз үйінде Қазақстанмен, Шотландия - Бельгиямен, ал Сан-Марино - Кипрмен ойнайды.
07 қыркүйек 2019 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам