Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Критериум Дофине»: «Астана» екі кезеңде үздік үштіктен көрінді

«Критериум Дофине»: «Астана» екі кезеңде үздік үштіктен көрінді

«ÐÑиÑеÑиÑм ÐоÑине»: «ÐÑÑана» ÐµÐºÑ ÐºÐµÐ·ÐµÒ£Ð´Ðµ үздÑк Ò¯ÑÑÑкÑен көÑÑндÑ
Голландияда садақ атудан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан ерлер құрамасы классикалық сында Финляндиядан 5:4 есебімен басым түсіп, келесі айналымға шықты. Енді Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин үштігі АҚШ садақшыларымен сайысқа түседі.
Еуро-2020: Қазақстан – Сан-Марино – 4:0 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Мариноны қабылдап, 4:0 есебімен басым түсті. «Астана-Аренаға» жиналған 18 мың көрермен алдында көсіліп ойнаған алаң иелері Еуро-2020 іріктеу турниріндегі екінші жеңістеріне қол жеткізді. Алғашқы тайм аяқталар тұста Исламбек Қуат есеп ашты. Үзілістен кейін ойынға тыңнан қосылған Максим Федин мергендік танытты. Сосын Ғафуржан Сүйімбаев пен Бауыржан Исламхан белсеніп, матчқа нүкте қойды. 
Михал Билек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: - Матч бойы біз басымдық таныттық. Алайда алғашқы таймда қарсыластардың қақпашысы жақсы ойнады. Тайм соңында гол соққанымыз жақсы болды. Үзілістен кейін шабуыл жасауға жол ашылды. Жылдам ойнауға тырыстық. Сан-Марино әуесқойлар командасы деп айту дұрыс емес. Қазір алты ұпайымыз бар. Футболшылардың ойынына ризамыз. Іріктеу тобында Қазақстан алты ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Топ басында Шотландиядан 3:0 есебімен басым түскен Бельгия келеді. Кипрді әрең жеңген Ресей екінші тұр.
Дзюдодан Қазақстан спартакиадасы Оралда дзюдодан Қазақстанның бесінші спартакиадасы аясындағы белдесулер аяқталды. Еліміздің барлық аймағынан келген 200-ге тарта балуан 14 салмақта сайыс көркін қыздырды. Жекелей сында медаль саны бойынша Шығыс Қазақстан жеңіске жетсе, командалық бәсекеде Алматы облысының спортшылары озды. 60 келі салмақта кілем иесі Тоқтар Үмітәлиев топ жарды. Шығысқазақстандық Төлеген Нұралиев пен Жамбыл облысының өкілі Бекәділ Шаймерденов те өз салмақтарында үздік шықты. Қажымұқан Өтеулиев, Сұңғат Закарияев, Виктор Демьяненко, Әділ Оразбаев та спартакиада жарысының жеңімпазы атанды.   
«Критериум Дофине» көпкүндігі «Астана» велокомандасының спортшылары «Критериум Дофине» көпкүндігінде қатарынан екі кезеңде үздік үштіктен көрінді. Алдымен Якоб Фульсанг көзге түссе, үшінші кезеңде астаналық Давиде Баллерине жүлделі болды. Ирландиялық Сэм Беннетт кезең жеңімпазы атанды. Жалпы есепте бельгиялық Дилан Тенс топ бастап келеді. Екінші орынға француз Гийом Мартен жайғасты. Қазақстандық Алексей Луценко жалпы есепте үшінші орынға көтерілді. Ол көшбасшыдан 20 секунд ұтылып тұр. Месси табысы жөнінен әлемдегі ең бай спортшы атанды «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель
Месси табысы жөнінен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезерді басып озды. Биыл аргентиналық футболшы 127 миллион доллар табыс тапты. «Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду 109 миллионмен тоқтады. Футболшылар арасындағы үштікте Неймар тұр. ПСЖ шабуылшысы 105 миллион долларды қанағат қылды. Мексикалық боксшы Сауль Альварес 94 миллионмен үздіктер қатарынан орын алды. Табысты спортшылар бестігіне теннисші Роджер Федерер де кірді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/321380-kriterium-dofine-astana-eki-keze-de-zdik-shtikten-k-rindi
12 маусым 2019 ж. 588 0