Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » UFC-дегі тұңғыш қазақ үшінші жеңісі үшін қанша сыйақы алды

UFC-дегі тұңғыш қазақ үшінші жеңісі үшін қанша сыйақы алды

Ресейлік қандасымыз Дамир Ысмағұловтың UFC промоушеніндегі үшінші жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz Аllfight.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл кездесуде Ысмағұлов 31 мың 500 доллар ұтып алды. Мұндағы 14 000 - жұдырықтасқаны үшін, 14000 - жеңіс және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі кіреді. Қазақ файтердің қарсыласы бразилиялық Тиаго Мойзес бұл жекпе-жек үшін 15500 доллар алды (12000 жұдырықтасқаны үшін және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі).

Еске салайық, 31 тамызда Ысмағұлов Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде Мойзестен басым болып, UFC промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек толық үш раунда өтті, оның қорытындысы бойынша қазақ файтер төрешілер шешімімен жеңді.
02 қыркүйек 2019 ж. 540 0