Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ҚУАТ ХАМИТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

ҚУАТ ХАМИТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ ҮШІН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзербайжандық Нариман Аббасовтан жеңіліп қалды.
Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариман Аббасовқа берді - 48:47, 47:47 және 48:47, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 
Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты. 
Жекпе-жектен кейін Хамитов төрешілер шешімімен келіспейтінін және апелляцияға беретінін айтты. 
"Мен ұпай санымен жеңіске жеттім деп ойладым, бірақ төрешілер әрдайым бәрін басқаша көреді. Оның бір жерде басымдыққа ие болғанын көрмедім. Негізінен барлық раундтар тең болды, бірақ екі раундта мен айқын жеңгеніме сенімдімін. Төрешілер шешімді қайта қарауы керек", - деді ол.
Бұл Қуат Хамитовтың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі. 
"Найманның" ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс. 

ult.kz


28 сәуір 2019 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам