Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ММА ШЕБЕРІ ҚЫРҒЫЗ СПОРТШЫСЫМЕН ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ММА ШЕБЕРІ ҚЫРҒЫЗ СПОРТШЫСЫМЕН ЕКІНШІ РЕТ КЕЗДЕСЕДІ



Қазақстандық ММА шебері Руслан Серікполов (13-5) NFC 15 турнирінің басты жекпе-жегіне шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 тамыз күні Ақтауда Руслан Серікполов қырғыз спортшысы Қаныбек Жәнібекуулумен кездеседі. 2
8 жастағы қазақстандық файтер Руслан Серікпулов аралас жекпе-жектен өтетін турнирлерге 2014 жылғы желтоқсаннан бері қатысып жүр. Осы уақыт аралығында 18 айқастың он үшінде жеңіске жетіп, бесеуінде ұтылған.
Sherdog.com сайтының мәліметіне қарағанда, қырғызстандық Қаныбек Жәнібекуулы спорттық мансабында 5 рет жеңіліп, 4 рет жеңімпаз атанған.
Айта кетсек, алдағы жекпе-жек көрермендер ең қатты асыға күткен айқасқа айналып отыр. Спортшылар бұған дейін мамыр айында өткен NFC 14 шоуында кездескен. Ол кезде төрешілер жеңісті қазақстандыққа берген еді.
28 шілде 2018 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031