Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман Әшімов жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшыны жеңді

Арман Әшімов жеңіліп көрмеген бразилиялық спортшыны жеңді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген бразилиялық спортшыны айқын басымдылықпен жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов M-1 Challenge 101 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізді. «Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкармен (9-1) жұдырықтасып, үш раунд бойы қарсыласын соққының астына алды. Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Әшімов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 
Айта кетейік, Кайк Аленкар M-1 Challenge Battle in Atyrau турнирінде отандасымыз Талғат Жұмағалиевтен басым түскен болатын.
01 сәуір 2019 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30