Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады.

Илья Ильин Токио Олимпиадасына дайындықты бастады.

Қазақстандық Илья Ильин де Олимпиадаға қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Допинг дауынан кейін кәсіпқой спорттан қол үзіп қалған жерлесіміз жақында қайта шақырту алды. Кәсіпқой ауыр атлет бапкерін алмастырып, жаттығудың жаңа бағдарламасын жасаған. Біртіндеп жазғы ойындарға қажетті ұпайды жинауға кірісті. Жуырда Қазақстан спартакиадасына қатысып, 102 келіге дейінгілер арасында топ жарды. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 370 келілік зілтемірді көтерді. Бірақ өзі көрсеткішке көңілі толмайтынын айтады. «Алдағы бір жылда тынбай жаттығып, жүлдегер атануға қажетті деңгейге жету керек», - дейді. Илья Ильин, әлем чемпионы: - Токио Олимпиадасына жүлде үшін ғана барамын. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келеді. Тәжірибем жеткілікті. Физикалық бабым да жақсы. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін.

www.24.kz
16 тамыз 2019 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930