Ешкім менен теріс айналған жоқ – Илья Ильин
Ауыр атлетикадан төрт дүрін әлем чемпионы Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында үлкен спортқа оралғаны туралы хабарлап, қиын сәтте қолдау білдірген жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ешкім менен теріс айналған жоқ. Барлығы дұрыс болды. Өмірде біреумен бірге жүрген күннің өзінде әркім өз бетімен кетеді, оның өмірі басқа, сенікі басқа. Ал сен әрі қарай қозғала бересің. Менен ешкім теріс айналған жоқ. Осы жағдайда өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Ата-анам, отбасым, жанымда болған жақындарыма алғыс айтамын. Анам мен әкеме де қиын болды. Адамдардың бәрі бірдей әлсіздігін көрсетпейді, сол үшін ата-анама шыдас бергені үшін рахмет. Менімен бірге осындай қиын жағдайда қасқайып келеді», - деді ауыр атлет.Сондай-ақ, Илья Ильин екі жылдық жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң өзінің үлкен спортқа оралғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ауыр атлет қай салмақ дәрежесінде жарыстарға қатысатынын және алдағы жоспарларын бөлісті.
Еске сала кетсек, 2008 және 2012 Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Мая Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын.