Арғы беттен жеткен ақжолтай жаңалық

Орта салмақта өнер көрсеткен спортшылар арасындағы жекпе-жек төрт раундқа созылды. Төртінші раундта Геннадий Головкин Стив Роллсқа ауыр соққы жасап, нокаутпен жеңді.
Геннадий Головкин мен Стив Роллс жұдырықтасуға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09:00-де шықты. Қазақстанда Президент сайлауы өтіп жатқандықтан сайлау учаскелері дауыс берушілердің бұл жекпе-жекті тікелей эфирден көруіне жағдай жасады.
Бұл – Геннадий Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты кездесуінің алғашқысы. Бұған қоса, жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет жұдырықтасып отыр.
Бокс кешінде Головкинмен бірге қазақстандық Әли Ахмедов пен Бақтияр Эюбов та өнер көрсетті. Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниэлді нокаутпен жеңіп, WBC титулын жеңіп алды. Бұл – оның карьерасындағы 15-ші жеңісі.
Дайындаған
Дастан Құдабаев.