Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусінов GGG жұдырықтасатын бокс кешінде шаршы алаңға шығады

Данияр Елеусінов GGG жұдырықтасатын бокс кешінде шаршы алаңға шығады


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) украиналық Александр Усик (16-0, 12 КО) пен француз Карлос Такама (36-5-1, 28 КО) жұдырықтасатын бокс кешінде бақ сынамайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Рио Олимпиадасының чемпионы 25 мамыр күні Оксон-Хиллдегі бокс кешінде шаршы алаңға шығады деп күтілген. Бірақ боксшының менеджері Зия Алиев хабарлағандай, Данияр Елеусінов Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. - 25 мамырда емес, 8 маусым күні Головкин жекпе-жекке шығатын бокс кешінде шаршы алаңға шығу туралы шешім қабылдадық. Қарсыласпен келіссөздер жүргізілуде, - деп хабарлады Алиев. Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым таңда) өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Али Ахмедов та жекпе-жек өткізеді.

Massaget.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031