Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкин 8 маусымдағы жекпе-жегі алдында соңғы мәлімдемесін жасады

Головкин 8 маусымдағы жекпе-жегі алдында соңғы мәлімдемесін жасады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында Нью-Йоркте ресми баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады Vesti.kz. 

"Бәріне сәлем. Мұнда болғаныма бақыттымын. Бұл менің екінші үйім екенін білесіздер. Бұл мені үнемі қолдайтын отбасым. Маған мүмкіндік беріңіздер, сіздерге тамаша шоу көрсетем. Ұзақ үзілісте болдым, бірақ, мен ақылдырақ және күштірек күйде оралдым. DAZN, демеушілер мен командама алғыс айтамын", - деді GGG баспасөз мәслихатында. 
Сонымен қатар ол өзінің қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс туралы да айтып өтті.  
"Қуатымды сезінемін. Қарсыласымды сыйлаймын. Стив Роллс - жеңілмеген боксшы. Бұл үлкен бизнес және салмақты спорт. Ол сенбіде үлкен жекпе-жекке дайын екеніне сенімдімін. Бұл жақсы айқас болады. Соңғы 2 аптада маған: "Айтшы, осыны айтшы" деп келді. Көп сөйлегім келмейді. Сенбіде Madison Sqare Garden аренасына келіңіздер. Жекпе-жекті өткізіп алмаңыздар. Керемет шоу мен тамаша атмосфера боларына сөз беремін. Нағыз жанкүйер болсаңыздар, жекпе-жегімді өткізіп алмаңыздар. Барлығына рақмет", - деді Геннадий Головкин.  
Жекпе-жек алдында соңғы ресми баспасөз мәслихатына қатысқан Стив Роллс осы сенбіде GGG-ге оңай қарсылас болмауға уәде берді.
"Құдайға, DAZN мен GGG Promotions-ке алғыс айтқым келеді. Осында болу үшін ұзақ сапар жүрдім. Бұл қиын мақсат және жақсы мүмкіндік. Бұл жаттығу жекпе-жегі болмайды. 8 маусымда өзімді орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретінде көрсетемін", - деді Роллс.
DAZN стриминг компаниясы "40 күн" фильмінің екінші бөлімін жарыққа шыққанын жариялады. Деректі фильмде Геннадий Головкин мен (38-1-1, 34 КО) Стив Роллстың (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдындағы дайындықтары көрсетіледі.  
Фильмнің бірінші бөлігі "Талпыныс" деп аталған. Онда Головкин мен Роллстың жаттығулары көрсетілген. Бұл туындыны танымал голливудтық актер Марк Уолбергтің компаниясы түсірген. Уолбергтің өзі фильмнің продюсері. 
Бірнеше бөлімнен тұратын "40 күн" деректі фильмін DAZN компаниясы айтулы жекпе-жектердің алдында түсіреді. 
Айта кетейік, боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.
Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.
Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бокс кеші 9 маусымда өтеді. Қазақстандық көрермендер жекпе-жектерді тікелей эфирден тамашалай алады.
06 маусым 2019 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (8707)

23 шілде 2019 ж.

№55 (8706)

19 шілде 2019 ж.

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам