Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкинге DAZN-дегі жекпе-жегі үшін төленетін гонорар көлемі айтылды

Головкинге DAZN-дегі жекпе-жегі үшін төленетін гонорар көлемі айтылды

Жекпе-жек Нью-Йоркте өтеді.

© Fightnews.info

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 миллион доллар алуы мүмкін.

"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист


Авторы: Серик Мусагалиев
18 сәуір 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031