Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан Барысы»

Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан Барысы»

Биылғы жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды. Айта кетсек, жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шыққан болатын. Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асыр­ды. Турнирдің үшінші орнын Руслан Әбдіразақов иеленді. Ал финалдық белдесуде шығыс қазақстандық қос балуан Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев нағыз тартысты өнер көрсетті. Алғашқы ұпайды Ерасыл алғаны­мен белдесу басталғаннан кейін қателікке жол беріп, Айбек жартылай жеңіске жетті. Тартысты сәттердің бірінде Ерасыл есепті теңестіруге жақын қалған еді. Ақыры Айбек Нұғымаров таза жеңіп, екі дүркін «Қазақстан Барысы» атанды. Айта кетерлігі, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да «Қазақстан Барысы» атанған болатын. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге берілді. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Дайындаған
Дастан Құдабаев.


12 маусым 2019 ж. 1 751 0