Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Медалім жоғалды»: Допингпен ұсталған қазақстандық спортшылар медальдарын қайтарудан бас тартуда

«Медалім жоғалды»: Допингпен ұсталған қазақстандық спортшылар медальдарын қайтарудан бас тартуда


ХОК 2016 жылы допингке түскен қазақстандық спортшылардан медальді қайтаруды талап етіп отыр. Үш жыл бұрын допинг дауына іліккен қазақстандық спортшылар әлі күнге дейін медальдарды қайтармаған. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Халықаралық олимпиада комитеті ауыр атлетика және күрес федерациясына медальдарды қайтару жөнінде қайта ескертті. Белгілі болғандай, допинг сынамасы бар 9 спортшының алтауы әлі күнге дейін қайтармаған.
ХОК 2008 жылы Пекинде және 2012 жылы Лондонда өткен екі олимпиада ойындарының медальдарын қайтарып алуы тиіс болатын. Өз медальдарымен бірінші болып ауыр атлетшілер: Илья Ильин, Владимир Седов, Алмас Өтешов және Зульфия Чиншанло қоштасты. Қалған медальдарға асығыс жоқ деген еді.
ХОК мәлімдемесінде ауыр атлетшілер Мария Грабовецкая, Майя Манеза мен Ирина Некрасова тәртіптік комиссияның міндеттерін орындаудан бас тартуда деп айтылған. Сондай-ақ, комитет өкілдерімен байланысқа шығуды қойған. Светлана Подобедова медальдің жоғалғаны туралы мәлімдесе, қазір Ресей азаматы болып табылатын балуан Таймураз Тигиев өз марапатынан айырылғысы келмейді. Допингке түскен тағы бір балуан Әсет Мәмбетов тәртіптік комиссияның шешімімен келіспейтіндігін айтып, олимпиада медалін беруден бас тартты.

28 сәуір 2019 ж. 531 0