Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Чемпиондар лигасында "Ювентусті" жеңген "Аякс" екі бірдей рекорд орнатты Бұған дейін голландиялықтар "Реалды" жарыс жолынан шығарды.

Чемпиондар лигасында "Ювентусті" жеңген "Аякс" екі бірдей рекорд орнатты Бұған дейін голландиялықтар "Реалды" жарыс жолынан шығарды.

Голландиялық "Аякс" Чемпиондар лигасы 1/4 финалында туриндік "Ювентусті" жеңіп, екі рекорд орнатты. 

Ширек финалдың қарымта матчінде "Ювентус" өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып (бірінші ойын 1:1), турнирден шығып қалды. Ал "Аякс" үш квалификациялық раундтан кейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан алғашқы клуб болды. 

Opta мәліметінше, голландиялықтар топтық кезеңге дейін "Штурм" (2:0, 3:1), "Стандард" (2:2, 3:0) және киевтік "Динамоны" (3:1, 0:0) жарыс долынан шығарып тастаған. Мұның алдында Чемпиондар лигасы жартылай финалына қатысқан ешбір команда мұндай ұзақ жарыс жолын өтпеген. 
Сонымен қатар, "Аякс" еурокубоктық бір маусымда қарсылас алаңында "Ювентус" пен "Реалды" ұта алған бірінші команда. Мадридтіктермен ойын 1/8 финалда болған. Амстердамдағы ойын Реалдың жеңісімен аяқталды да (2.1), Мадридтегі қарымтада алаң иелері ойсырай ұтылды- 1.4.



 Авторы: Серик Мусагалиев
18 сәуір 2019 ж. 814 0