Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГРИГОРИЙ ЕГОРОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҮШ АЛТЫН АЛАТЫН МҮМКІНДІГІМІЗ БАР

ГРИГОРИЙ ЕГОРОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҮШ АЛТЫН АЛАТЫН МҮМКІНДІГІМІЗ БАР

21-24 сәуір аралығында Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасына Қазақстан сапынан жалпы есебі 25 спортшы қатысады. Ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоровтың сөзінше, біздің атлеттердің сегіз жүлде жеңіп алатын мүмкіндігі бар. Оның ішінде, үшеуі алтын медаль деп жазады Olympic.kz

«Азия чемпионатының ұйымдастырылу уақыты біздің команда үшін аса ыңғайлы емес. Біздің атлеттер манеджен енді шығып, стадионда әлі бірде-бір жарыс өткізген жоқ. Ал Доха төріндегі дода ашық аспан астында ұйымдастырылады. Әр спортшының алдына мақсат қойып отырмыз. Мәселен, Ольга Рыпакова алтын жүлде үшін таласады. Одан бөлек, 800 метрге жүгіруден жарысатын Маргарита Мукашева мен ядро лақтырушы Иван Ивановқа тұғыр биігінен көріну туралы талап қойылды.
Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар іріктеу нормативін орындамай-ақ, әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігін алады. Команданың жартысынан көбі медальмен оралады деген сенім сол. Біз күміс пен қола тағынады деп үміт күткен спортшыларымыз да көңілден шығады деген ойдамыз. Спорттың аты спорт, қандай да бір болжам жасағым келмейді. Десе де, спортшылардың әлеуетіне қарап, сегіз медаль алатын мүмкіндік бар екенін жасырмаймын», - дейді бас бапкер Егоров. 
17 сәуір 2019 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930