Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада шахматтан әлем чемпионаты аяқталды 

Астанада шахматтан әлем чемпионаты аяқталды 


Қазақстанның шахматшы қыздары командалық әлем чемпионатында бесінші орын алды. Астанадағы дүниежүзілік зияткерлік сайыста біздің бұрымдылар Үндістан, АҚШ, Армения, Венгрия және Мысыр елінің мықтыларынан басым түсті. Қытай командасы әлем чемпионы атанды. Қазақстан ерлер құрамасы әлем біріншілігін сегізінші орынмен аяқтады. Ресей шахматшылары әлем чемпионатында топ жарды. Руслан Жанғазов желкенді қайықтан Азия чемпионы атанды Қазақстандық Руслан Жанғазов желкенді қайық спортының олимпиадалық түрінен Азия чемпионы атанды. Бұрын-соңды біздің елдің спортшылары мұндай жетістікке жеткен емес. Тіпті жерлестеріміз құрлық біріншілігіне де алғаш рет қатысып, алтын медаль еншіледі. Сингапурдегі Азия біріншілігіне Қазақстан атынан Русланнан бөлек, Карина Жанғазова және Владимир Шанкин қатысты. Енді желкенді қайықтарын арқалаған жерлестеріміз Токио қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалады.   Мақсұт Нарбаев, желкенді қайық спортынан мемлекеттік жаттықтырушы: - Біздің спортшылар қазан айында Малайзиядағы жарысқа қатысып, содан бері төрт бес айдың ішінде шығарып отыр. Тек ғана залда дайындалып барып, мына Азия чемпионатына әлі суға да шықпаған жарты жыл бойы. Бұл Русланның деңгейін көрсетіп отыр. Өзінің ішіндегі талпысыны, көптен бері күтіп жүрген.

www.24.kz
15 наурыз 2019 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930