Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талаптар түсіндірілді

Талаптар түсіндірілді


Жуырда аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және бөлшек сауда қызметі саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел болып өтті.Онда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Е.Сүлейменов «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы аясында баяндама жасады.
Мұнан соң, аталмыш департамент әзірлеген бейнеролик көрсетілді.
«Департамент базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Қауырт желі» жұмыс жасайды және облыс тұрғындарына тегін кеңес беріледі. Сонымен қатар, департамент мамандары тарапынан азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Олардың ауызша немесе жазбаша өтініштерін қарайды және шешімдер қабылдайды, кеңес береді, наразылық құрастыруға және басқа да әдістемелік көмек керсетеді», – деді баяндамашы Е.Сүлейменов.
Жиында тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын алдын алу, пікір алысу, осы саладағы проблемаларды жан-жақты зерделеу және оларды шешуге ұсыныстар әзірлеуге арналған дөңгелек үстелде көптеген мәселелер ортаға салынды, пікірлер айтылды, ұсыныстар берілді.

«Өскен өңір» ақпарат.
09 желтоқсан 2017 ж. 1 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930