Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛІМЕН КЕҢЕСТІ

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛІМЕН КЕҢЕСТІ


Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесу өткізді. Кездесу бары­сында Қазақстан мен Еуропалық одақ ара­сындағы кеңейтілген әріптестік және ын­тымақтастық туралы келісімді іске асыру, сау­да-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және шетелдік инвестицияларды тар­ту мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Еуропалық одақпен сауда-экономикалық байланыстары жо­ғары деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ елі­міздің негізгі сауда және инвестициялық се­ріктесі, басты бір нарығы болып табы­ла­ды. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сау­да айналымының 50%-ы және ел эко­но­микасына тартылған шетелдік капитал­дың жартысынан астамы тиесілі.
2018 жылдың қаңтар – наурыз айла­рын­да ғана Қазақстанның Еуропалық одақ ел­дерімен арасындағы сыртқы сауда айна­лы­мы 9 миллиард долларға теңесті. Салыс­тыру үшін келтірсек, былтырғы жылдың қаңтар – наурыз айларында бұл көрсеткіш тек 6,8 миллиард доллар көлемінде болып еді. Яғни, алыс-беріс қарқынды түрде арту­да.
Тұтастай алғанда, 2017 жылғы қаңтар­дан желтоқсан айына дейінгі аралықта қа­зақ елінің ұжымдық Еуропамен өзара сау­да-саттығының жалпы көлемі 30 мил­лиард долларға жетті. Оның ішінде біздің еу­ропалық нарыққа өткізген экспортымыз 24,2 миллиард долларды, ал олардан тас­ы­ған импортымыз небәрі 5,7 миллиард дол­ларға жетті.
Қазақстанның бүкіл әлемдегі елдермен өзара саудасының жалпы көлемі 60,2 мил­лиард доллар болатынын ескерсек, демек, елі­міздің бүкіл сыртқы саудасының 49,8%-ы Еуропалық одаққа тиесілі екенін бай­қай­мыз.
2017 жылы Еуропалық одақтан тартыл­ған тікелей шетел инвестицияларының жал­пы ағыны 9,8 миллиард доллар болды. Бұл ретте Қазақстанға дүниежүзіндегі бар­лық мемлекеттерден келген инвестиция­лар­дың жалпы көлемі 20,7 миллиард дол­лар болғанын айта кеткен жөн. Еуропадағы негіз­гі инвестор елдер: Нидерланды (4,4 $ млрд), Бельгия ( 960,6 $ млн), Франция
(595,3 $ млн), Ұлыбритания ($418,8 млн), Гер­мания ($280,8 млн) және Люксембург
(276, 8 $ млн) болып табылады.
Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-ақ­пан айларында 5,5 млрд доллар межесін ба­ғындырды. Бұл өткен жылдың осындай мер­зімімен салыстырғанда, 32,6%-ға жоғары ( 4,2 $ млрд).
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қа­зақстанның ЕО елдеріне экспорты 35,2%-ға өсіп, одан 4,7 млрд доллар кіріс түс­кен. Елімізге ЕО елдерінен 2018 жылдың қаң­тар-ақпан айларында жөнелтілген им­порт 19,6%-ға өсіп, 837,7 $ млн болды.
Ерік Ерден
05 мамыр 2018 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930