Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та жаңа 5G ұялы байланыс түрі пайда болуы мүмкін

АҚШ-та жаңа 5G ұялы байланыс түрі пайда болуы мүмкін


АҚШ пен Еуропалық Одақ ұялы байланыстың жаңа 5G түрін жасап шығару мәселесін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ делегациясы мен Еуропалық Одақ жаңа технологиялар жасап шығару саласындағы серіктестік пен ұялы байланыстың жаңа 5G атты түрін жасап шығару мәселелерін қарастырды. Бұл келіссөздер бірнеше раундқа созылады.
Екіжақты диалогтың кезекті раунды 1 ақпан күні өтті. Еуропа АҚШ-ты Еурокомиссия үшін маңызды цифрлық технологияларды дамыту мақсатында қандай шараларды қолға алғандарынан хабардар етті. Ал АҚШ тарапы өз кезегінде бұл салада қандай бастамаларды қолға алғандығын айтып өтті.
«Киберқауіпсіздік, 5G форматы, телекоммуникация саласындағы регулятивтік нормалар мәселелері қарастырылды», — делінген хабарламада.
03 ақпан 2018 ж. 1 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031