Бәрімізде бір Отан, баста бізді – «Nur otan»!
Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз – «Nur otan» партиясының құрылған күні. Бүгінде еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партияға биыл тұп-тура 22 жыл толды. Осы жылдар ішінде партия Елбасының басшылығымен Сенімді түрде қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін халықпен бірге жұмыс істеп келеді. Партияның облыстарда, аудан орталықтарында филиалдары бар. Онда өңірдің саяси ахуалы сараланып, елдің мұң-мұқтажы тыңдалады. партия қатарында жылдар бойы адал қызмет атқарып, елдің қамын ойлап жүрген ер азаматтар мен нәзік жанды қыз-келіншектер жеткілікті. Соның бірі – саясаткер, педагог Нәйла Палымбетпен «Nur otan-ның» 22 жылдық ғұмырында атқарған істеріне көз жүгіртіп, болашағын бағамдаған сырлы сұхбат ұйымдастырған едік...
– Елімізде саясатта жүрген нәзік жанды қыз-келіншектер көп емес. Соның бірі– өзіңізсіз. Әйел адамға саясатпен айналысу қаншалықты қиын? Саяси мансабыңызда кездестірген қиындықтарға кеңірек тоқталып өтсеңіз.
– Саясатта мансаптық жолын қалыптастыра білген белді тұлғалардың басым көпшілігі ер адамдар екені барлығымызға аян. Дегенмен, жан-жақты саяси салмағы бар іскерлік әлемде әйелдер де қалыс қалар емес. Қазіргі саясаткер әйелдердің өзіне тән өзгешелігі бар және олардың көбі саяси аренада өздерінің жеке имиджімен ерекшелене білді. Сонымен қатар іскерлік қасиеттері – олардың еңбек жолындағы үлкен жетістігі. Бүгінгі таңда атқарушы билікте, бизнесте аз болса да әйелдер қауымы бар. Жалпы, әлеуметте, қоғамда аналар позициясының орны бөлек. Біріншіден, ананың мүддесі – отбасының мүддесімен, ал отбасының мүддесі – Отанның мүддесімен тікелей байланысты. Оның кәсібі, жолдасының жұмысы алға жылжыса, отбасы мен қоғамның берекесі де сол болмақ. «Отан отбасынан басталады» деп тектен-текке айтпайды. Мен көптеген лауазымды қызметтер атқардым. Жұмыс барысында қиындық тудырған мәселе болған емес десем, сөзім өтірік болады. Барша әйел заты секілді мен де келін, ана, жар болдым. Жұмысбастылық кейбір отбасылық қарым-қатынасқа әсер ететін. Қазір мемлекеттік тілде жастар жақсы сөйлеп, жаза алады. Қазақ «қыздың жолы жіңішке» демей ме? Мойныма алған зор жауапкершілік пен қиындықты еңсеруде көп күш жұмсауға тура келді. Орысша оқып-өскендіктен маған қызметте жүргенде қазақша еркін сөйлеп, ойымды нақты жеткізу біраз қиынға түсті. Бірақ саясат сен еркексің бе, әлде әйелсің бе оған қарамайды. Сол үшін барлығына үлгеру қажет. Отбасында адал жар, жұмыста жақсы қызметкер болуға тырыстым.
– Неге сіздің таңдауыңыз дәл осы партияға түсті ?
– «Nur Otan» – сөз жоқ, жетекші партия. Тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған орасан зор бастамалардың, маңызды бағдарламалардың алға жылжуына, кадр саясатын қалыптастыруда «Nur Otan» партиясының алар орны ерекше. Партия алғаш құрылған жылдары аудан бойынша төрағасы болып сайландым. Оның құрамын толықтыру, гендерлік саясатты енгізу, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге жұмыс жасалды. Партия өз мүшелерін ынталандыруға, саяси науқанда бірлік танытуға күш салуда.
Ал, енді менің саяси таңдауыма келер болсақ, жалпы саяси аренада ең көп халықты біріктірген, үлкен күш, жұмысы жоспарлы, мақсаты айқын, бағыты тура болғандықтан да, мен дәл осы «Nur Otan» партиясын таңдадым. Себебі менің қызметім, халықтың әлеуметтік мәселесі, білім беру, тәрбие саласы болды. Ал бұл жұмыстың барлығы партияның бағдарламалары мен жобаларында жүзеге асырылады. Партия жетекшісі, мүшесі бола жүріп, жетістіктерге де жеттім. Іргесі қаланған кездегі сайлаулардан бастап «Nur Otan» партиясы саяси күресте жетіліп, шыңдалды. Өзінің алға қойған мақсаты айқын екендігін халық алдында дәлелдеді білді.
–2009 жылы алғаш партия депутаттығына сайландыңыз. Сол уақыттағы Нәйла Палымбетпен мен бүгінгі Нәйланың айырмашылығы неде? Қандай істердің атқарылуына мұрындық болдыңыз?
– 2009 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. Мәслихат депутаты болу зор жауапкершілік жүктейді. Ең бастысы, халықтың арасында болу, олардың мәселесін шешуге атсалысу, адамдармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне қанығу қажет. Мен ең алдымен, келешек ұрпақтың білім алуына ерекше мән бердім. Себебі негізгі мамандығым педагог болғандықтан, кезінде оңтайландыруға ұшыраған балабақшаларды қайта ашу, мектептердің жай және күрделі жөнделуіне, заманауи техникалармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету секілді түрлі жұмыстармен айналыстым. Әрбір отбасының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына көмектестік. Ол кездегі Нәйла Палымбет пен қазіргі Нәйланың айырмашылығы көп емес. Мен әруақытта шешім қабылдауда ешқандай бұра тартпайтын турашылдығымнан, позициямды айқын жеткізуден, талапшылдығымнан айныған емеспін. Бізде бар ең басты қасиет, аманатқа адал болу, жауапкершілік. Ол маған ата-бабадан қанмен берілген қасиет дер едім.
– «Nur Otan» партиясына биыл тұп-тура 22 жыл толып отыр. Ойлап қарасақ аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде партия не тындыра алды деп ойлайсыз және әлі де маңызды істер атқаруға қауқарлы ма?
– Өздеріңіз білетіндей, 1999 жылғы 1 наурызда Елбасы бастаған «Otan» партиясы дүниеге келді. Ол үлкен саяси күшке айналды. Партияны қолдайтын миллиондаған азамат еңбек етті. Ол халықпен бірге барлық сындардан, қиындықтардан өтіп, осындай белеске көтерілді. Н.Назарбаев сөзінде «Nur Otan» партиясы үлкен саяси күш ретінде халықтың күш-жігерін «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылған үлкен мақсаттарға жету үшін біріктіру керек» – деді. Партияның алдындағы басты мақсат – Мемлекет басшысының, мемлекеттің саясатын халықпен бірге жасап, ел арасында насихаттау, көпшіліктің күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру, бір мүддеге біріктіруге жұмыс істеді. 22 жыл халықпен бірге жасап, көптеген жобаларға бастамашы болып, ықпал етіп келеді. Мен партияның болашағына сенемін және қолдаймын. Әлемді дүр сілкіндірген індет кезінде «Біз біргеміз!» жобасы аясында қаншама әлеуметтік қолдау жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Келешекте де партия өзінің алға қойған мақсаттары мен халық алдындағы жауапкершілігін орындайды. Кешегі сайлауалды бағдарлама, партияішілік іріктеу (праймериз) партияның мызғымас күш екендігін дәлелдеді. Партияға сенім артушылардың саны өсті.
– Біз сізді қайсар мінезді, қайраткер, елінің жанашыры ретінде танимыз. Бірақ отбасында қандай ана екендігіңізді біле бермейміз. Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?
– Отан үшін отбасы қандай құндылық болса, әйел – ана да отбасы үшін ерекше маңызға ие. Мен анамын. Қазір әжемін. Балаларымның адал да адамгершілігі зор азамат болуын қалаймын. Өзің айтқандай, қайсар, өжет Нәйла отбасында мейірімді әже, бақытта ана. «Адам бойындағы барлық жақсылық атаулы ананың ақ сүтімен жаралған», – деген ұғымға аса маңыз беремін. Сондықтан ұрпағымды өз өмірден алған тәжірибеммен, біліктілігіммен, аналарымнан алған тәрбиеммен ұштастыра отырып, тәрбиелеуге тырысамын. Олардың заманы бөлек, ортасы басқа, алатын ақпараты заманауи. Дегенмен, ұлттық дәстүр, салт-санадан ажырамауы керек. Үйде әрбір отбасы мүшесі – бақытты болатындай, жағдай жасауға тырысып келемін.
– Сіздің тағы бір қырыңыз педагогика. Бұл салада біршама уақыт қызмет атқарып, қаншама оқушыны тәрбиеледіңіз. Дегенмен 2009 жылдан бастап саясатқа бет бұрдыңыз. Бәлкім саясатқа араласпай ұстаздық қызметті жалғастырғаныңызда қаншама білімді жастарды тәрбиелеп шығар ма едіңіз. Осы жайлы ойлап көрдіңіз бе?
– Иә, мен қандай қызметті атқарсам да, жан-жүрегім ұстаздықты қалап тұрады. Қызметте педагог болғаным көп көмектесті. Адамдарды тану, психологиялық кеңес беру, ата-аналардың рөлін күшейту, ұйымдастырушылық бағытта педагогтық білімім көп жәрдемдесті. Әрине, шәкірттерім кездескенде, ұстаз болғаныма қуанамын. Дегенмен, өмір ағысы басқа қызметтерде де шыңдалуыма мүмкіндік берді. Оған өкінбеймін. Әрқашан жақсы, текті адамдардың қасында жүрдім, өзім даярлаған кадрларым да өсіп келеді. Мен халықтың арасында танымал болдым. Саяси қызметтің аясы өте кең. Негізі адам бір салада тоқтап қалмай, барлық қабілетін ашатын салаларда өзін сынағаны дұрыс. Өз орнында отырған кадр «кетігін тауып қаланған кірпіш» секілді. Одан елге пайда келмесе, зиян тимейді. Менің саясатта да шәкірттерім көп. Сондықтан бұл салада да өз бақытымды тапқан жанмын деп айта аламын.
– Жыл басында өткен сайлауда комиссия төрайымы болуыңыз әлі де ауданның саяси ахуалына алаңдайтыныңыздың айқын дәлелі. Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде, дайындық қандай деңгейде өтті?
– Биылғы сайлау ерекше жағдайда өтті. Ең бірінші ерекшелігі, көппартиялық тәртіп сақталды. 30 пайыз әйелдер мен жастар үлесіне маңыз берілді. «Nur Otan» партиясы праймериз өткізіп, партияішілік іріктеу жүргізді. Дайындық жоғары деңгейде болды. Себебі пандемия жағдайында халықтың денсаулығы да ерекше маңызды еді. Байқаушылар өте белсенді болды. Ауданда сайлау қалыпты, тыныш жағдайда өтті. Осының өзі халықтың да саяси мәдениетінің, құқықтық сауаттылығының дәрежесі өскендігін байқатты.
– Партияның қатарында қаншама жыл еңбек еттіңіз. Жинаған тәжірибеңіз мол. Жас депутаттарға айтар ақыл-кеңесіңіз болса айта өтсеңіз...
– Аудандық мәслихаттың құрамында 15 депутат 2 партиядан сайланды. 60 процент депутаттық корпустың құрамы өзгерді. Әрине, жастар – біздің қозғаушы күшіміз. Олардың қазіргі өзгермелі кезеңге тез бейімделіп, технологияны меңгеруі өте құптарлық. Оларға айтатын ақыл-кеңесім – қазіргі заман ақпараттың заманы, игер, сарапта, шешім қабылдауда салқынқандылық таныт. Ең басты жүк – халық сенімі. Үкілеген үмітін арқалатқан елдің еңсесін тіктеуде халықпен бірге бол, өзіңнің білімің тәжірибеңді толықтыр. Іске сәт!
Біздің көкейімізде жүрген сұрақтарға ашық жауап беріп, саяси қызметте жетістікке жетудің сырымен бөліскеніңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Рамазан Бектұрғанұлы