Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті

Ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті

Биыл «Nur Otan» партиясының 20 жылдығы аталып өтілуде. Осы уақыт ішінде ол қазіргі заман талабына сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи партияға айналды.
Естеріңізде болса, аталған партияның алғашқы съезі 1999 жылы 1 наурызда өткен болатын. Онда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев партияның төрағасы болып сайланды. Ал партияның ресми атауы 2002 жылдың 22 желтоқсанындағы кезектен тыс Х съезінде «Nur Otan» халықтық-демократиялық партиясы деп өзгертілді. Қазіргі таңда «Nur Otan» – 1 миллион партия мүшелерінің басын қосқан жалпыхалықтық жетекші күшке айналды. Оған 5607 бастауыш партия ұйымдары мен еліміздің барлық өңірінен 247 филиал кіріп отыр.
Ауданда сейсенбі күні партияның 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аталған жарыс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында өтті. Оған өңірдегі 24 бастауыш партия ұйымдары қатысты. «Бастауыш ұйым – партия тірегі» тақырыбындағы турнир респбулика бойынша алғаш рет өткізілді.
Партия мүшелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен турнирде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Командалар асық ату, қол күрес, арқан тартыс және тоғызқұмалақтан бақ сынады. Тартысты турнирде топтық есеппен «ТТК-Шиелі» БПҰ І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал «Атамекен» ұйымы ІІ орынды қанжығасына байлады. Содан кейін «РУ-6» бастауыш партия ұйымы ІІІ орынның мінберіне шықты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок және бағалы сыйлықтар табыстады.
Турнир барысында ұлттық спортты ұлықтауда сүбелі үлес қосып жүрген Б.Асанбеков пен Ә.Сақтағановаға партия төрағасының орынбасары П.Шаймерденқызы алғыс хат табыстады.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА

28 қыркүйек 2019 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930