Жыл қорытындысымен әкімдіктер марапатталды
Сервистік әкімдіктер жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып, азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары үшінмереке қарсаңында өңірлік әкімдердіАгенттік төрағасы ШпекбаевАлик Жатқамбайұлы марапаттады.
Қызылорда облыстық мекемелер үйінде Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы Агенттік төрағасының бұйрығымен берілген «Құрмет грамотасын» Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлына және «Алғысын» Жаңақорған ауданы әкімі Рүстемов Руслан Рүстемұлына табыстады.
Бүгінгі күні облысымыздағы барлық қала, аудан әкімдіктері ашықтық қағидаттарына негізделген, мемлекеттік қызметтерді жедел және сапалы көрсету мақсатында толықтай сервистік режимінде жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тиісті жұмыстар атқарылып, азаматтармен кері байланыс орнату үшін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Open Space»форматында мемлекеттік мекемелер қызмет көрсетуде.