Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басым бағыт агро салаға берілмек

Басым бағыт агро салаға берілмек



«Бізге мұнай, көмір, темір сияқты қазба байлықтарға сеніп отыра бермей, ауыл шаруашылығын да нықтап қолға алу керек. Өйткені, соңғысы ешқашан сарқылмайды. Сондықтан, оны қазірден бастап бір жолға қойып, әлеуетін толық пайдалана алсақ, болашаққа алаңдауға еш негіз қалмайды» деді Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбеков Алматыдағы аграрлық ғылым өкілдерімен кездесу барысында.
Алматыдағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты жердің беткі қабатын зерделеп, оның құнарлылығын арттыру технологиясын әзірлейді. Тіпті, бұнда әлемде теңдесі жоқ бастамалар да бар. Соның арқасында қазір ауыл шаруашылығымызда өнімділік артып, саланың бойына қан жүгіре бастаған. Ал, Төлеутай Рақымбеков осындай ғылыми мекемелерге қолдауды аямау керектігі жайында үнемі айтады.
Аграрлық ғылым саласының өкілдерімен кездесу барысында салаға жас мамандарды тарту, жұмыссыздықпен күрес және жемқорлықты жою мәселелері де сөз болды.
07 маусым 2019 ж. 659 0