Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті инженер

Білікті инженер

Әр адамның мақсаты анық, ойы нақты болса, не үшін өмір сүріп жатқанын ертерек анықтап алса, ісінде береке, өмірінде бақыт болады. Жұмысты сапалы орындағанды ұнатамын. Еліміздің гүлденуіне, экономикамыздың өркендеуіне үлес қосуды зор мәртебе санаймын. Ел үшін еткен еңбектің ескерусіз қалмайтынына көзім анық жетті, – дейді өз мамандығын шексіз сүйген Бақытжан Сартаев.
Бақытжан Мысырханұлы 1975 жылы Шиелі кентінде дүние есігін ашып, осы өлкенің топырағына аунап, суымен сусындап өскен азамат. Ол, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының түлегі. Бақытжан жас кезінен ата-ана үмітін ақтап, жақсы оқыған. Сол жылдары-ақ, білімділігі мен ізденімпаздығының арқасында қатарының алды болды. 1997 жылдан бас­тап РУ-6 мекемесінде жұмысқа орналасты. Өзінің еңбекқорлығымен көзге іліккен азаматты басшылар Шымкент қаласында жұмысқа шақырады. Ісін мұқият атқаратын азамат білімін жетілдіру үшін ел шекарасынан асады. 2014 жылы Англияның Лондон қаласындағы Кембридж университетінде дәріс алды. Мұнымен ғана шектелмей 2017 жылы Мәскеу қаласында оқып, біліктілігін арттырады.
Бүкіл еңбек жолын өндіріс саласына арнаған білімді де білікті инженердің 20 жыл еңбек өтілі бар. Атап айтсақ, 1998 жылдан 2010 жылға дейін РУ-6 кенішінде, 2010-2011 жылдары Иіркөл кенішінде, 2011 жылдан бүгінге дейін «Аппақ» ЖШС кенішінде жұмыс жасап келеді. Мақаламыздың кейіпкері өзі жұмыс жасаған орындарда әрдайым ізін қалдыра білді. Яғни, еңбекқорлығымен көзге түсті, мекеме жұмысын алға жетеледі. Елі үшін еңбек еткен ердің ерлігі ешқашан ескерусіз қалмайтыны белгілі. Осы уақытқа дейін түрлі алғыс хаттармен марапатталған жерлесіміз, жетістіктен-жетістікке талпынды. Отбасында 3 бала тәрбиелеп отырған әке Бақытжан Мысырханұлы жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Бұл мен жеткен жетістіктің ең биігі» дейді марапат иесі. Сондай-ақ, алдағы уақытта да Елбасы артқан сенімін ақтап, туған жерімнің гүлденуі үшін атсалысатынын да жасырмады, білікті маман.
Жерлесімізді жеткен жетістігімен құттықтап, еңбек майданында ешқашан ерінбей, жетістіктен-жетістікке жете бер дейміз.
Е.ДАТКЕНОВ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930