Тоғыз жасындағы Төле би
Тоғыз жасында Төле би сексенге келген Жетес биді іздеп келеді.
Кетерінде “Өмір белесін” сұраған Төлеге Жетес би:
-Онға келдім-ойнадым,
қызығына тоймадым.
Жиырмаға жеттім- бойладым, онда да балалықты қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, жаман сөзге күйіндім,барымды бойға
кидім, сұлу қыз- келіншекке шүйілдім, жауыма түйілдім.
Отызға келдім- алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмайы тазға шалдырмадым,құрбының көңілін қалдырмадым.
Қырыққа келдім- арғымақтай аңқылдадым,
тау тағысындай саңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым,
барымды жоқ деп сарқылмадым.
Елуге келдім- биік қырға шықтым, арғы жағының алыс- жақынын байқамадым, өнегемді шайқамадым.
Алпысқа келдім- алты тарау жолға түстім, қайсысының алыс- жақының байқамадым.
Жетпіске келдім- жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім,
айдауында жүрдім
Сексенге келдім- оң жағым- от, сол жағым- су,
алдым-жар,артым-құз, қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым,- депті.
https://elana.kz/