Сербиядағы фестивальда серілер сан алуан өнерден сайысқа түсті
Сербияға мыңдаған турист орта ғасыр мәдениетін жаңғырту фестивалін тамашалау үшін арнайы келді. Шара Белградтан 100 шақырым жерде орналасқан 15-ғасырда монахтар өмір сүрген зәулім ғимарат маңында өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға сол заманның тағамдарын әзірлеп, музыкасын тыңдатты. Одан бөлек серілер турнирі өтті. Олар батырлар киген киімдер мен қару-жарақты қолданып, бақ сынасты. Жарысқа ер адамдармен қатар қыз-келіншектер де қатысты. Мэтью Брезес, Франциядан келген турист: - Мен бұл сайысқа арнайы Франциядан келдім. Осы жердегі басты міндетім – біздің құрамадағы қатысушылардың жеңіске жетуіне күш-жігер беру. Файтер Неда, Хорватиядан келген турист: - Керемет ұйымдастырылған фестиваль. Бұл жерде шаршағанды басып, жақсы энергия жинап, жаңа бастамаларға шабыттануға мүмкіндік бар.
www.24.kz