Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеліктер «Нива» көлігін сүйреп, зілтемір көтерді

Ақтөбеліктер «Нива» көлігін сүйреп, зілтемір көтерді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Темір ауданының күндері өтті. Күш сынасқан ақтөбеліктер салмағы 1 тоннадан асатын «Нива» көлігін сүйреп, зілтемір көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде Темір ауданының күндері өтіп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі, мерекелік концерт пен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Күш сынағына Ақтөбе қаласы мен бірнеше аудан орталығынан 11 адам қатысты. Олар алдымен салмағы 40 келі болатын канистра көтерді. Канистраның ішіне құм толтырылды. Ал екінші турда салмағы 60 келі болатын қапты көтеріп, қашықтыққа жүгірді. Үшінші сайыста қатысушылардың барлығы «Нива» көлігін сүйреді. «Темір ауданының Шұбарқұдық кентінен жарысқа арнайы келдім. Өзім аудандық ІІБ-де жұмыс істеймін, бұрын күреспен айналысып, республикалық, Азия ойындарында жүлдегер атандым. Қазақша күрес, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болған соң ауданның намысын қорғадым.
Жарысқа қатысушылардың ішінде мен ең үлкенімін. Жасым 37-де. «Нива» көлігін бірінші рет сүйредім. Сынақтар жеңіл емес, қатысушылардың арасында жастар да мықты»,- деді Мейрамбек Базылбеков. Жарысқа қатысушы үшін 60 келілік қапшықпен жүгіру, 120 келі зілтемірді көтеру қиынға түсті. Бірақ «Ниваны» 16 секундта сүйреп шықты. Бұл ең үздік көрсеткіш болды. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды Темір ауданынан Нұрлыбек Ахметов, 2-орынды Мейрамбек Самрат, ал бірінші орынды Мейрамбек Базылбеков жеңіп алды. Қара күш иелеріне арнайы медаль, кубок және ақшалай сыйлық берілді.      
inform.kz
06 тамыз 2018 ж. 2 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031